«GPC Investment» ЖШС Атырау облысының Мақат ауданындағы «Қашаған» кен орнында ілеспе мұнай газын қайта өңдеу зауытының құрылысы жобасын іске асыруда. Жоба зиянды шығарындыларды азайта отырып, тауарлық өнімдер алу арқылы ілеспе мұнай газын кешенді қайта өңдеуді қарастырады.
Газ өңдеу зауыты (ГӨЗ) шикі газды жағу мен кері айдаудың орнына оны қайта өңдеу жөніндегі Ұлттық бағдарлама аясында салынуда. Зауыттың қуаттылығы жылына 1 миллиард текше метрге дейін шикі газды өңдеуге мүмкіндік береді.
Зауыт Атырау қаласынан 60 шақырым жерде, NCOC компаниясының «Болашақ» мұнайды кешенді дайындау қондырғысына жақын жерде орналасады. Бұл Атырау өңірінің экологиялық жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Компанияның миссиясы мен стратегиясы
Миссия: Әлемдік деңгейдегі газ өңдеу өндірісін құру және бәсекеге қабілетті өнім шығару.
Стратегиялық мақсат: Газ өңдеудің сапалы өнімдерін шығаратын тиімді және жоғары рентабельді отандық өндіруші болу.
Құндылықтар: Ашықтық, технологияларға және серіктестердің мүдделеріне адалдық.
Біз Сізге ұсынамыз:
- 🔹 Қазақстандағы ірі жобаны іске асыруға қатысу мүмкіндігі
- 🔹 Қызықты әрі беделді жұмыс
- 🔹 Кәсіби білім мен дағдыларды үнемі жетілдіру мүмкіндігі


