«GPC Investment» ЖШС Кашаган кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысын бастады. Бірінші кезеңде негізгі өндірістік цехтар мен инфрақұрылым объектілері салынады. Жобаның жүзеге асуы жылына 1 миллиард текше метр жанама мұнай газын өңдеуге мүмкіндік береді.