Кисметов Абзал Жұмабайұлы

«GPC Investment» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі

Кисметов Абзал Жұмабайұлы

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Білімі

  • 🔹 1999 ж. Атырау мұнай және газ институты (Инженер-механик)
  • 🔹 2004 ж. Атырау мұнай және газ институтының магистратурасы мен аспирантурасы
  • 🔹 2022 ж. «Назарбаев Университеті» ДБҰ (Executive MBA)

Еңбек өтілі

Еңбек жолын «Прикаспийбурнефть — Казахстан» ЖШС-де инженер болып бастады. 2001-2006 жылдар аралығында «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистральдық газ құбырлары басқармасында машинистен жетекші инженерге дейінгі жолдан өтті.

2006-2017 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да бас менеджер, департамент директорының орынбасары және директоры лауазымдарын атқарды.

2017 жылдан 2025 жылғы желтоқсанға дейін «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директорының орынбасары болды.

2025 жылғы желтоқсаннан бастап — «QazaqGaz» ҰҚ» АҚ Басқарма Төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары.